Жазғы Олимпиада ойындары
26-08-2016 12:33
Жазғы Олимпиада ойындары

      "Бөбек" МЖДМ КМҚК жазғы спорт түрлерінен Олимпиада ойындары өтті. Бұл іс -шараның ізгі мақсаты Рио де Жанейро қаласында біздің мемлекетті барша әлемге таныстырған спортшыларымызды қолдау болды. Балалар бұл жарыстарда өздерін велоспорт, жүгіріс, дартс, бокс, күрес ойындарында сынап көрді. Жеңімпаздар  "алтын, күміс, қола медальдарымен" марапатталып, өздерін нағыз Олимпиада спортшылары секілді сезінді десек, артық болмас. Кім біледі, мүмкін болашақта елімізді әлемге танытатын Олимпиада жүлдегерлері болар, ал біздің педагогтар ең алғашқы болып осы дарынды бойларынан танығандардың қатарында орын алар. Бәрі де мүмкін...