Размер шрифта:
«Ұлы дала» дарындары - «Бөбектің» жұлдыздары»!
10-07-2016 09:59
«Ұлы дала» дарындары - «Бөбектің» жұлдыздары»!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 - жылдығына және Астананың туған күніне орай,«ТІЛ» республикалық ақпараттық - сараптамалық  журналының ұйымдастыруымен өткен «Ұлы дала» атты дарынды балалар арасында өткен Халықаралық байқаудың алғашқы кезеңі онлайн - іріктеуден өтіп, 2016 жылғы 04 шілде күні «Казмедиа орталығының» түсірілім алаңында екінші кезеңге өнер көрсетуге шақырылдық. Жалпы қатысушылардың саны, бес номинация бойынша, 150 - дің көлемінде республикамыздың түкпір – түкпірінен, сонымен қатар АҚШ - тан, Қытайдан, Монғолиядан, Орынбордан келген қандастарымыз да бақтарын сынады.

Шілденің 5 жұлдызында барлық қатысушы бүлдіршіндерге ҚР президенті

Н. Назарбаевтың кітапханасына экскурсия ұйымдастырылды. Балаларға елбасы туралы көркем фильм ұсынылып, соңында әр баланың есімі жазылған кітаптар мен 3D көлеміндегі көзілдіріктер табысталды.

Ал, 6 шілде күні есте қалған әдемі нөмірлер гала концертке жолдама алды. Солардың ішінде, біздің де «Бөбек» балабақшасының «Алтынай» би ансамблінің балалары өз өнерін барша жұрттың назарына ұсынды. Айта кетерлігі, біздің әртістер ең кішкентай болса да, ешкімнен кем түспей, қатесіз, сүрінбей өтті.

Дайындық арасында директор Жанар Толеутаевна, балаларға Астана қаласының ең сәнді жерлеріне: Бәйтерекке, Ханшатырға, Океанариумға, кешкі қаладағы серуен, экскурсия ұйымдастырды. Балалардың жүрегінде көпке дейін есте қалатыны сөзсіз.

Сөз соңында айтарымыз, бұл сапарымыз ата - аналардың, «Балқаш қаласының білім бөлімінің» басшылығының қолдауымен ғана іске асты. Себебі, біз өз күшімізге сендік, нәтижесінде жүлделі ІІІ орынға - Қарағанды облысы, Балқаш қаласының дарынды балалары ие болды!