Біздің жайдары жаз!
10-06-2016 06:05
Біздің жайдары жаз!

«Бөбек»МЖДМ КМҚК бүлдіршіндері жаздың шуақты күндерін көңілді өткізуде. Оның себебі, педагогтар түрлі іс – шараларды ұйымдастырып, іске асырып жатыр. Мысалы, осы аптамыз «Металлург» спорттық стадионға экскурсиядан басталды. Экскурсияның мақсаты - ұл балаларға футбол алаңын көрсетіп, сол ойынның ережелерін түсіндіру болып табылды. Ұлдарымыздың бұл ойынға деген қызығушылықтары артып, өздерін нағыз футболшыдай сезініп қайтты. Сонымен қатар, осы аптада денсаулық тақырыбына көп көңіл бөлінді: педагогтар балаларға тазалықты сақтаудың маңыздылығын түсіндіріп, балалармен өлең –шумақтарын жаттап, әңгімелер жүргізді. Аптаның соңына қарай, яғни  2016 жылғы 10 маусымда балалар өздерін жас туристшілер рөлінде болып, балабақшаны аралап, серуендеп, спорт алаңында «Біз кішкентай спортшылар» атты эстафета ойындарына қатысып қайтты. Денсаулық апталығына арналған іс- шаралар шеруі көңілді бимен аяқталды.