Жыл қорытындысы
24-05-2016 10:05
Жыл қорытындысы

2016 жылғы 24 мамырда «Бөбек» МЖДМ КМҚК жалпы ата - аналар жиналысы өтті. Жиналысты балабақша директоры Жанар Толеутаевна Жазбекова бастап, оқу жылында жеткен жетістіктермен, болып жатқан жаңалықтармен бөлісті.

Балабақша медициналық бибісі М. Есенкулова жаз мезгіліндегі сақтылық пен қауіпсіздік шараларын орындауды ескертіп өтті.

Жалпы ата – аналар комитеті Гульжан Жумангазыевна Ахнаева ата  - аналар комитетінің жыл  бойы атқарған жұмысы бойынша есеп берді.  Сөз соңында Жанар Толеутаевна балабақша өміріне белсене қатысып, ат салысқаны үшін ата – аналарға ризашылығын білдіріп, балабақша ұжымы атынан  алғыс хаттармен марапаттаса, ата – аналар тарапынан жылы лебіздер мен тілектер айтылып, 2015-2016 оқу жылының қорытынды жалпы ата – аналар жиналысы позивті нотамен аяқталды.