Қазақстан Республикасының 2 дүркін Чемпионы

Date: 2019-01-28 14:12:41
Қазақстан Республикасының 2 дүркін Чемпионы

Өскеменде 2003-2004 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан республикалық чемпионат өтіп жатыр. Былтыр елдің солтүстігі, шығысы, оңтүстігі, батысынан іріктелген жеткіншектер қарасы осы жолы бас қосып, алты күн ішінде кіл мықтысы анықталады. Республикалық чемпионатқа барлық облыстар мен қалалардан 14-15 жастағы 176 жасөспірім бап сынауда. 13 түрлі салмақ санатында жұдырықтасып, әр салмақтан бір боксшыдан іріктеледі. Республикалық жарыс додасын Сидней Олимпиадасы ойындарының чемпионы, әлемдік чемпионаттар жеңімпазы Ермахан Ибраимов тамашалады. Бокс спортының үздігі бұл чемпионаттың спортшылар үшін психологиялық тосқауылдан өту үшін керектігін айтады. Арқадағы алты арыстың басын қосқан айбарлы жеткіншектер айқасы маңдайының дымы кеппеген жастар үшін де, қайратты жаттықтырушылар үшін де тәжірибе алмасу болғаны рас. Жетеге тимей жеңіс жоқ. Жас спортшылардың шыдамы мен ширақтығының нәтижесі апта соңында анықталады.

13 түрлі салмақ категориясында 176 спортшы қатысқан осы додада Ерасыл, Республикалық бокс құрамасына кіріп, өз салмағындағы Қазақстан Республикасының 2 дүркін Чемпионы атанды.

Author: Lyceum №2