ХАБАРЛАНДЫРУ

Дата: 2022-04-13 16:07:58

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қарағанды облысы Білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ  ҚР Еңбек Кодексінің 139 бабына сәйкес төмендегі бос лауазымдарға педагогтарды қабылдау үшін конкурс жариялайды. 

 

Лауазым атауы

Бос орын саны

мерзімі

1

Директордың ақпараттандыру жөніндегі орынбасары

1 ставка

Тұрақты жұмысқа

2

Директордыңтәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

2 ставка

Тұрақты жұмысқа

3

Бастауыш әскери және технологиялық дайындықтың (БӘжТД) оқытушы-ұйымдастырушысы

1 ставка

Тұрақты жұмысқа

Лауазымдық міндеттері:

1. Директордың ақпараттандыру жөніндегі орынбасары

Білім беру ұйымдарын цифрландыру, ақпараттандыру, оны ресурстық қамтамасыз етуді ұйымдастырады, оқыту процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғаларды енгізеді және пайдаланады, білім беру және басқару қызметінде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша сыртқы ұйымдармен байланыс орнатады.

      Жұмыстың тиісті бағытындағы кадрларды іріктеуді жүзеге асырады, оларды басшыға ұсынады.

      Ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша педагог кадрларды оқытуды ұйымдастырады;

      Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы әдістемелік, зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік және инновациялық жұмыс жүйесін ұйымдастырады және жоспарлайды.

      Білім беру ұйымдарында цифрландыру процессін қамтамасыз етеді.

      Оқу-материалдық базаны қамтамасыз ету, сақтау және жетілдіру, Қызмет көрсету, жөндеу және оны есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

      Санитарлық-гигиеналық режим, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді, белгіленген есептік құжаттаманың уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді.

      Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

      Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

      Біліктілікке қойылатын талаптар:

      Тиісті бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін және соңғы 3 жылдан кем емес үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілін растайтын құжат,  оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша: "педагог – сарапшы" немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.

2. Директордыңтәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

      Тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады.

      Аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтары тәрбиешілерінің (бұдан әрі–ҰКТ), сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтар мен қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады; тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша қажетті құжаттарды әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      өткізілетін тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады.

      Педагогикалық кадрларды іріктеуге қатысады, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

      Тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің қоғам және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамының өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді.

      Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады.

      Тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады.

      Білім алушылардың, педагогтардың конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді.

      Кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізеді, есеп беру құжаттамасының сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді.

      "Құндылықтарға негізделген білім" -мектеп тұжырымдамасын әзірлейді. Мектеп ұжымының қатысуымен білім беруге бағалы әдіс енгізеді.

      Ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумды ұйымдастырады және өткізеді. "Жас қыран", "Жас ұлан" балалар ұйымы жұмысын ұйымдастырады. "Қоғамға қызмет ету", "Туған елге тағзым", "Үлкенге ізет", "Ата-анаға құрмет" атты қоғамға пайдалы жұмыстарды ұйымдастырады.

      Рухани-адамгершілік біліммен қамтамасыз етуде "Өзін-өзі тану" пәні мұғалімін алмастырады.

      Білім беру ұйымы түлектері қауымдастығы қызметін құру және қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді.

      Педагогикалық еңбек ветеранымен ынтымақтастықта болады. Мектеп мұражайының жұмысын ұйымдастырады.

      Дебаттық қозғалысты дамытады.

      Туристік сапарлар мен саяхаттарды ұйымдастырады.

      Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалы отбасылардың қатысуымен енгізеді.

      Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

 Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; соңғы 3 жылдан кем емес үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі;

      оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша "педагог – сарапшы" немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – мастер" санатының болуы.

3.Бастауыш әскери және технологиялық дайындықтың (БӘжТД) оқытушы-ұйымдастырушысы: оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін ұйымдастырады. Директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарымен, сынып жетекшілермен бірлесіп, оқу жылына арналған әскери-патриоттық жұмыстардың жоспарын әзірлейді, оның орындалуын қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымында бастауыш әскери дайындықтың материалдық базасын күшейтуге және дамытуға, жабдықтар мен керек-жарақтардың сақталуына, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы үшін шара қолданады. Жасөспірімдерді әскери оқу орындарына іріктеуге қатысады. Білім алушыларды алғашқы әскери есепке алу жұмыстарын ұйымдастырады және өткізеді. Сабақта және сабақтан тыс уақытта бастауыш әскери дайындық сабағын өткізеді, әскери істердің негіздерін оқып-үйрену бойынша үйірмеге жетекшілік жасайды, төтенше жағдайлардағы әрекеттер бойынша тәжірибелік сабақтар мен жаттығулар өткізеді. БӘжТД кабинетіне және арнайы мүліктерге арналған бөлмеге жауапты болады, азаматтық қорғаныс (АҚ) жоспарын жасайды, АҚ бойынша сабақтар дайындайды және өткізеді, шұғыл жағдайларға байланысты іс-шаралар дайындайды, қорғаныс жағдайларының дайындығын, АҚ бойынша шұғыл жағдайларда жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеді.    

  Біліктілікке қойылатын талаптар:

      "Бастауыш әскери оқыту және дене тәрбиесі оқытушысы" мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, офицерлік құрам лауазымдарында әскери қызмет өткерген, жоғары (орта) әскери немесе педагогикалық қайта даярлау білімі бар запастағы офицерлер жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

      Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейі болған жағдайда мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 4 жыл, педагог-шебер үшін кемінде 5 жыл.

Еңбек ақы мөлшері еңбек өтіліне, біліктілік санатына байланысты төленеді.

Конкурсқа қатысу үшін:

            Конкурстық комиссияның қарауына  құжаттар пошта бойынша, Балқаш қаласы, Сванкулов орамы, 20 ғимарат мекенжайы бойынша,  және licei_2_abai@list.ru электрондық мекенжай бойынша қабылданады.

Анықтама үшін телефон: 4-10-17.

            Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылады, 2022 жылдың 13 - 18 сәуір аралығында кадрлар қызметінде  қабылданады.

Тапсыратын құжаттар

 

1.Өтініш

2.Жеке куәлігінің көшірмесі

3.Диплом көшірмесі (қосымшасымен бірге)

4.Біліктілік санаты туралы куәлігі көшірмесі

5.Еңбек кітапшасының көшірмесі

 

Автор: №2 Лицей