ЖББ №25 орта мектебінде 2018-2019 оқу жылының «1 наурыз – Алғыс айту» күніне байланысты өткізілген іс-шаралар туралы анықтама мен фотоесеп
Дата: 2019-03-11 14:00:58
ЖББ №25 орта мектебінде 2019 жылдың 24 ақпаны «Алғыс айту» күнінің жұмыс жоспары жасалынып, 26 ақпан күні сынып жетекшілері мен 1-10 сыныптың оқушыларына таныстырылды.
26 ақпан күні мектептің 1 қабатына «Ұлт бірлігі-ұлы байлық» тақырыбында тақырыптық бұрыш ұйымдастырылды. Сонымен бірге мектептің кітапханашысы Б. К. Қазбекова мектеп кітапханасына «Біздің күшіміз бен гүлденуіміз- Қазақтан халқының бірлігінде» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесі мен бұрышты мектеп оқушылары тамашалап ,өздеріне керекті көптеген мәліметтер алды. 1- 4 сыныптар арасында «Алғыс айта білейік» тақырыбында сап жиыны, 5-10 сыныптар арасында «Татулық- бірлік бастауы» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. Сонымен қатар мектебіміздің жоғары сынып білім алушылары кент кітапханасында ұйымдастырылған Қазақстан халқы Ассамблеясының бұрышын ашу салтанатына қатысты. Іс-шарада білім алушылар қаламыздың ұлттық мәдени орталықтарынан келген әр ұлт өкілдерімен кездесу өткізді.
27 ақпан күні 5, 6 сыныптар «Достық пен қайырымдылық әлеміне саяхат» ойын-сауық бағдарламасы өткізілді.
26.02-03.03.19 жыл аралығында мектебіміздің І қабатында «Менің Қазақстаным, сенің келешегің зор» тақырыбында видеороликтер көрсетілді. Сонымен бірге осы уақыт аралығында әлеуметтік педагогтердің ұйымдастырылуымен «Алғыс айту және ризашылық» акциясы жүргізілді. Акцияға 5-9 сынып білім алушылары қатысты. 1-3 сыныптар арасында «Алғыс айту күні- махаббат, мейірімділік, жарқындық мейрамы» спорттық ойындар ұйымдастырылды.
1 наурыз күні мектепте 2-9 сыныптар арасында «Бір шаңырақ астында» атты ұлттық тағамдар көрмесі болды. Көрмеге түрік, орыс, украин, грузин, татар, неміс, ұйғыр, тәжік халықтарының ұлттық тағамдары қойылды. Іс -шараға барлық сыныптар белсене қатысты.
2 наурыз күні 6, 7 сыныптарда «Бір шаңырақ астында» суреттер сайысы өткізілді. Сайыста 8А сыныптың білім алушысы Мухажанов Д І орын, 7-сыныптың білім алушысы Рамазанова С.ІІ орын, Тлеубай А. ІІІ орынға ие болды. Жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталды.
3 наурыз күні 4-сынып білім алушылары Оқушылар сарайында ұйымдастырылған «Қазақстан- біздің ортақ үйіміз» атты интеллектуалды ойынына қатысты.
3 наурыз күні «Алғыс айту» күніне байланысты өткізілген іс-шаралар қортындыланды.