6-7 сыныптар арасында «Мемлекеттік рәміздер. Көк байрағым» атты интеллектуалды сайысының өткізілгені туралы ақпар

Дата: 2018-05-11 09:17:18

20 - сәуір күні мектебімізде 6-7 сыныптар арасында «Мемлекеттік рәміздер. Көк байрағым»  атты интеллектуалды сайыс өтті.  

Мақсаты:Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан-жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу.

Сайыс 5 кезеңнен тұрды.

1 кезең «Таныстыру» кезеңінде әр топ аты мен ұранын айтып таныстырды.

2-кезең «Кім жүйрік?» кезеңінде оқушылар мемлекеттік рәміздерге байланысты сұрақтарға жауап берді.

3 кезең «Сандар сөйлейді»деп аталды. Бұл кезеңде оқушылар қай жылда қандай оқиға болғанын айтып,тапқырлықтары мен жылдамдықтарын көрсетті.

4 кезең «Ойлан тап!» кезеңінде оқушылар ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру арқылы білімдерінің деңгейін көрсетті.

5 кезең «Ойлы болсаң, озып көр» кезеңінде экранда берілген сөздерді пайдаланып, «Тәуелсіздік таңы» тақырыбында шағын эссе жазып қорғады. Сайыскерлер өз ойларын дұрыс әрі нақты  жеткізе алды.

Оқушылар сайысқа белсене  қатыса отырып өздерінің білімдерін көрсете білді.

Сайыс соңында әділ-қазылар  шешімімен 1 орынды 7 «Б» сынып оқушылары, 2-орынды 6 «А» сынып оқушылары, ал 3-орынды 6 «Б» және 7 «А» сыныптары иеленді.