жылындағы 13.12-15.12.2016ж аралығында «Нашақорлықсыз көше» тақырыбында өткізілген іс-шаралар

Дата: 2016-12-19 10:44:57

ЖББ №25 орта мектебінде 13 желтоқсан мен 15 желтоқсан аралығында «Нашақорлықсыз көше» тақырыбындағы іс-шаралар ұйымдастырылды.

      Желтоқсан айының 12-сі күні «Нашақорлықсыз көше» тақырыбындағы сынып сағаттарының жоспары жасалынып 1-11  сыныптың сынып жетекшілеріне таныстырылды.

      13 желтоқсан күні 1-4 сыныптар арасында «Денсаулық-зор байлық» тақырыбында суреттер сайысын мектептің аға тәлімгері Н.О.Қалиақпар мен «Өзін-өзі басқару» ұйымының мүшелері өткізді. Сайыс соңы қорытындыланды, жеңімпаздар марапатталынды.

      14 желтоқсан күні «Салауатты өмір салты» тақырыбындағы радиохабарламаны кезекші 7А сыныбының оқушылары жүргізді.

      Мектептің 2-қабатына медбибі Б.А.Тускеева «Нашақорлық-ғасыр дерті» тақырыбында бұрыш ұйымдастырды. Сонымен бірге 9-11 сынып оқушыларына осы тақырып негізінде бейнеролик көрсетілді. Жүргізілген жұмыстың соңынан жұмыс қортындыланды.

      Мектептің кітапханасына кітапханашы Б. К. Қазбекова «Бірінші байлық -денсаулық» тақырыбындағы кітап көрмесін ұйымдастырды.

      14 желтоқсан мен 18 желтоқсан аралығында мектеп әкімшілігі және сынып жетекшілер, ата-аналар комитеті, әкелер кеңесінің мүшелерімен рейд жұмыстары жүргізілді. Рейд  кезінде мөлтекаудан көшелерінде бос жүрген оқушыларды қадағалау мақсатында және мереке кезінде «Жағдайсыз отбасы» мен «Мектепішілік есептегі» оқушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастырылуы қадағаланды.

     15 желтоқсан күні  8-11 сыныптар арасында «Спорттық ойындар» волейболдан сайыс ұйымдастырылды. Сайысты мектебіміздің дене  шынықтыру пәні мұғалімдері Қ.А.Сатиев пен Б.Т.Сәтиев ұйымдастырды. Сайыс соңы қорытындыланып,  жеңімпаз сынып марапатталынды.

Сонымен қатар 15 –желтоқсан күні 6-10сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салтын қолдаймыз» тақырыбында флешмоб ұйымдастырылды.

     19 желтоқсан күні «Нашақорлықсыз көше» тақырыбында өткізілген іс-шаралар қорытындыланды.