Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектебі бойынша Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар ақпары.
Дата: 2015-05-23 08:07:45
Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектебі бойынша Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар ақпары.
Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінде ақпан айының 4 күні 7-8 сыныптар арасында «Әрқашан есімізде және мақтанамыз» Ауған соғысы жауынгерлеріне арналған жобалар сайысы өтті. Жобаны 14 ақпан күні №3 мектептің білім алушылары мен бірлесіп өткізген «Сапта тұрып , ән айту» байқауында 8 сыныптың командасы жүлделі І орынды 9А сыныбы ІІ орынды иемденді. Бұл іс-шараға тыл ардагері Тоқабаев Серікбай атай келіп, өз ойымен бөлісті. Әр бала өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды.
14 ақпан күні өткізілген 1-11 сыныптың сынып сағаттары «Ауған соғысының 26 жылдығына » арналды.
Мектептің аға тәлімгері мен өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері радиоторабтан осы тақырыптарда радиохабарлама оқыды. 6-11 сыныптың білім алушылары бейнефильмдер көрсетілді. Әр өткізілген іс-шарадан әр білім алушының жүрегінен өз еліне, жеріне, батырларына деген мақтаныш сезімдерін байқатты.
16 ақпан күні «Ауғанның от жалыны» тақырыбында 1-11 сыныптың білім алушыларына арналған сап жиыны өтті. Сап жиынында Ауған соғысының құрбандарын еске алу мақсатында 1 минуттық үнсіздіктен бастадық. Сонымен бірге кезекшілік атқарған 9А сыныбының білім алушылары Ауған соғысы жөнінде мәліметтер беріп жерлестеріміз Балқаштық 100 жауынгерімізге тоқталды.Жылда өтетін қалалық Самат Нұрғалиевті еске алуға байланысты спорттық сайыстарға мектебімізден қатысқан білім алушыларымыз жүлделі орындарды иемденді. Олар Әлімхан Абылай ІІ орын, Үсенов Азамат І орын, Маутанбеков Айбат ІІ орын, Кенбабин Ахат ІІІ орын иемденді.
18 ақпанда 6-7 сынып білім алушылары «Бұл күнге біз еңбекпен жеттік» театрландырылған қойылым көрсетті. Қойылымда қызыл армия Москва түбінде Гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңіп, бұл шайқаста Бауыржан Момышұлы басқарған батальон ерліктің тамаша үлгісін көрсетіп, жауды ойсырата жеңгенін сахналады. Қойылымды мектеп кітапханашысы Ж.Тоғайбаева мен Г.О.Айдарханова ұйымдастырды.
25 ақпанда 5-10 сыныптар арасында «Екі жұлдыз» патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылды. Байқауға мұғалім мен оқушы бірігіп патриоттық ән орындады. Сайыстың мақсаты: оқушыларды Отан сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу. Сайысқа барлығы 9 білім алушы мен мұғалім қатысты.
Мектеп директоры С.Х.Сыздықова