"Ең үздік таза сынып" апталығы

Дата: 2015-05-22 09:26:53

Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінде «Ең үздік таза сынып» апталығының өткізілгені туралы анықтама.

Мектеп ішін тазалап, сынып бөлмелерін таза ұстау  мақсатымен бізде бір апталық жоспар қолға алынған еді. Қаңтар айының 12-18 аралығында  өзін-өзі басқару мүшелерінің ұйымдастыруымен «Ең үздік таза сынып» атты 7-10 сыныптарға арналған апталық өткізілді. Мақсаты: Мектептің есігін ашқан жас ұрпаққа адам бойындағықасиеттерді қастерлеп, өмір талабына сай заңдылықтарды түсіндіру, үйрету.

 

Жастардың бойында еңбектің ең бірінші өмірлік қажеттілік, өмірлік табыстарға жетудің басты тәсілі мен жоғары құндылық ретінде қалыптастыру.Әдептілік, имандылық, құндылықтары қалыптасқанхалқымыздың асыл да абыройлы жас ұрпағын еңбексүйгіштікке, рухани жаны таза адам болуға тәрбилеу.

  

Оқушылар акцияға белсенділік танытып , сынып бөлмелерінде тазалық жұмыстарын жүргізді. «Ең үздік таза сынып» акциясының қорытындысы бойынша  9А сыныбы жеңіске жетті.