«БП Балаларға қатысты зорлыұ-зомбылық пен қатыгездік» атты қарары бойынша дебат
Дата: 2023-01-20 15:15:40
«Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ – де “Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ” Республикалық ақпараттық науқанының аясында 7 мен 8 сынып білім алушыларының қатысуымен 2022 жылдың 17-қараша күні «БП Балаларға қатысты зорлыұ-зомбылық пен қатыгездік» атты қарары бойынша дебат өтті. Ойын барысында екі командада жақсы ойын көрсете білді, әр позиция өз құндылығын алып шықты.
Мақсаты: заман талабының сұранысына саласы жетік, адами құндылықты жанына сері еткен, айналасына сын көзбен қарап, қоғамдық өмірге белсене араласатын жастардың жаңа буынын қалыптастыру.
Міндеттері: мектеп оқушылары арасында пікір –сайыстың деңгейін көтеру. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің айқындалуына мүмкіндік беру. Мектеп оқушыларының сын тұрғысынан ойлауы дамыту. Шешендік өнер және жұрт алдында сөйлеу мәдениеті қалыптасқан талантты жастарды анықтау.
Іс-шараның қорытынды кезеңінде тарих пәнінің мұғалімі Бейсекина К.А команда қатысушыларына өз бағасын беріп, келешекте дебат ойыныңың бұданда жоғары деңгейде өтетініне сенім білдірді.