«Заңды білу - заман талабы!» атты тақырыпта дөңгелек үстел

Дата: 2023-01-20 15:10:35

Мектеп Парламентінің “Құқық және тәртіп” министрінің ұйымдастыруымен 7 “АБ” сынып оқушыларының қатысуымен «Заңды білу - заман талабы!» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында азаматтардың құқықтары мен міндеттері, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық және оның алдын алу шаралары, жастар саясатын қалыптастырудағы құқықтық шаралар төңірегінде өзекті мәселелер талқыланды.