Балқаш сервис колледжінің ұйымдастыруымен өткен кәсіби сынама

Дата: 2022-11-17 17:47:17

2022 жылдың 02 қарашасында кәсіби бағдар беру мақсатында Ы. Алтынсарин атындағы N25  ЖББ мектебінің  9 сынып оқушылары қаладағы Балқаш сервис колледжінің ұйымдастыруымен өткен кәсіби сынамаға қатысты. Оқушыларға кәсіби бағдар беру - жас ұрпақты өсі.руге, оқытуға, тәрбиелеуге жетелейді. Колледж оқытушылары өз мамандықтары жайлы бейне материал көрсетіп, кең көлемде түсінік берді. Сонымен қатар, оқытушылар тәжірибелік сабақтар өтетін шеберханаларымен таныстырды. Мектеп оқушылары тәжірибелік жұмыстар жасап, мамандықтарға деген өз қызығушылықтарын білдірді.