«Денің сау болса, бәрін аласың» дене шынықтыру апталығы

Дата: 2022-05-21 20:00:52

2022 жылдың 15-ақпан күні Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Денің сау болса, бәрін аласың» дене шынықтыру апталығы аясында «№3 ЖББ мектебі» КММ-де «№1 ЖББ» мектебі, «№3 ЖББ» мектебі, «№25 ЖББ» мектептерінің 8-11 сынып оқушылары арасында достық кездесу, яғни мектепшілік волейбол жарысы өтті.

Бұл жарыстың мақсаты – оқушылардың бос уақытын тиімді өткізіп, салауатты өмір салтын насихаттау және достық қарым-қатынасқа баулу