"Біздің мектептің асханасы" акциясы
Дата: 2022-02-19 12:12:04
Мектебімізде "Біздің мектептің асханасы" акциясы өткізілді.
Мектеп Парламентінің "Қамқорлық" фракциясының депутаты, қамқоршылық кеңесінің төрағасы, әлеуметтік педагогтің және аға тәлімгердің жетекшілігімен мектеп асханасының жағдайы тексерілді.
Акция барысында келесі мәселелер қарастырылды:
Тамақтанумен қамту;
Санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау;
Еңбек гигиенасы;
Дайын өнімнің сапасы;
Асханадағы ас мәзірімен танысу және ондағы тағамдардың салмағы мен калориясын өлшеп көру;
Калькулияциялық және бракераждық журналдың болуын тексеру;
Асханадағы тамақ даярлау орындарын және шикізат сақтау қоймаларын көру және ондағы өнімдердің пайдаланудағы уақыт мерзімін тексеру;
Асханадағы тамақтану орындары мен ыдыс-аяқтардың жеткіліктілігін анықтау;
Асхана тазалығы мен пайдаланылған ыдыстардың жуу орындарын және дезинфекциялық құралдардың болуын тексеру;
Акция барысында "Қамқорлық" фракциясының депутаты келесі іс-шараларды ұйымдастырды:
«Тамақтану кезінде оқушылардың өзін-өзі ұстау мәдениеті, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау»;
«Мектеп оқушыларының ұтымды тамақтануы»
«Асханадағы өзін ұстау мәдениеті» туралы тәрбиелік әңгімелер:
«Сізге мектеп асханасы ұнай ма?» оқушылармен сауалнама.
«Мектеп оқушыларының дұрыс тамақтану ережелері», «Дұрыс тамақтану» туралы презентациялар көрсету.