Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерей тойына орай «Жамбыл Жабаев - жүз жасаған бәйтерек!» атты қашықтықтан өткізілген буклет байқауы

Дата: 2021-03-01 09:18:06

2021 жылдың 17 ақпанмен 25 ақпан аралығында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерей тойына орай «Жамбыл Жабаев – жүз жасаған бәйтерек!» атты қашықтықтан буклет байқауы өтті.

Байқау мақсаты - әдеби шығармашылыққа қабілетті дарынды оқушыларды анықтау және олардың шығармашылық қызығушылығын ашу, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру. Байқау 5-10 сынып оқушылары арасында өтті. Байқауға 5 «А» сынып оқушысы Нұржанқызы Еңлік, 7 «А» сынып оқушысы Несіпбай Жұлдыз, 8 «А» сынып оқушылары Байдалина Гүлдана, Сыздыкова Жансая белсенді қатысты. Барлық қатысушылар дипломдармен марапатталды.