«Мерекелі, берекелі алтын күз!» атты жемістер мен көкөністерден жасалған қолөнер сайысы
Дата: 2020-11-17 08:54:33
Табиғаттың тамаша бір көрінісі - күз мезгілі. Күзде табиғат көрінісі жиі өзгереді, аспанды бұлт торлап, ағаш жапырақтары жерге түседі, жаңбыр жауады. Құстар жылы жаққа қайтады, астық жинаймыз. Айнала сұлуланып, түрлі-түстерге боялып, құлпыра түседі. Ағаштардың және басқа өсімдіктердің жапырақтары қызыл, қоңыр, сары болып өзгереді. Көктем мен жаз бойы тер төгіп еккен еңбектің нәтижесінде уылжып піскен, пайдалы түрлі жеміс-жидектер - дастарханымыздың сәні, өміріміздің мәні екені сөзсіз. 2020 жылдың қараша айының 5-7 күндер аралығында «Мерекелі, берекелі алтын күз!» атты жемістер мен көкөністерден жасалған қолөнер сайысы 1-2 сыныптар арасында ұйымдастырылды.