Жаңа оқулықтар бойынша ақпарат

Дата: 2019-09-04 12:15:42
Жаңа оқулықтар бойынша ақпарат

Мектеп кітапханасына 2019-2020 оқу жылына арналған жаңа оқулықтар келді. М. П. Русаков атындағы №2 мектеп-интернаты кітапханасы 2300 дана жаңа оқулық қорымен толықты. Атап айтар болсақ, бұл оқулықтар 4, 9, 10 сыныптарға жаңа бағдарлама бойынша келді.  Аталмыш мектеп оқушыларына оқулықтар 30 тамыздан бастап беріліп, 1- қыркүйек күні мектептегі барлық оқушы  толықтай оқулықпен қамтамасыз етілді.