«Мемлекеттік емтихан алдындағы қиындықты қалай жеңеміз?» атты психологиялық тренинг өтті...

Дата: 2019-04-09 17:47:32
«Мемлекеттік емтихан алдындағы қиындықты қалай жеңеміз?» атты психологиялық тренинг өтті...

Сәуірдің 9-ы күні 9 сынып оқушыларына «Мемлекеттік емтихан  алдындағы қиындықты қалай жеңеміз?» атты психологиялық тренинг өтті.

Тренинг мақсаты - оқушылар бойындағы қорқыныш сезімін жеңу, өзіне деген  сенімділігін арттыру. Тренинг барысында оқушылар бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттерін жазып, гүл мен кактус өсімдіктеріне орналастырды. Есте сақтау қабілетін дамытуға жаттығулар орындады. Емтиханға тиімді дайындалу тәсілдері туралы кеңес берілді. Сыныпты біріктіру мақсатында «Суретті аяқта және жалғастыр» жаттығуын орындады.