«Адам биологиясы» факультативтік курс бойынша «Тері аурулары. Skin Diseases» тақырыбында ашық сабақ өткізілді...

Дата: 2019-03-27 12:18:45

19. 02.19 күні биология-химия пәні мұғалімі Хамитова С. К. «Үш тіл – үш әлем» апталығында 8 «а», «ә» сыныбында «Адам биологиясы» факультативтік курс бойынша «Тері аурулары. Skin Diseases» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Мақсаты: тері ауруларының түрлерімен таныса отырып, терминдік сөздік қорды толықтыру, жаңа материалды қабылдай отырып, оқушылардың өз бетімен білімін толықтыру дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту; тері ауруларын ағылшын тілінде меңгеру. 
Сабақ барысында тест түрлері, жеке оқушымен жұмыс, ашық сұрақтар, "кім жылдам?", терминдер анықтамасы, жұптық жұмыс жүргізілді. Сабақты бағалау кезеңінде сәтті және сәтсіз тұстарын жазды.
Не жақсы болды? Did you like the lesson?Why? Неліктен?
Не ұнамады? Did you dislike the lesson? Why? Неліктен?
Нені өзгертуге болады? How we can change the lesson?