Тәрбиеші педагогтармен «Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында оқыту семинары өтті...

Дата: 2019-01-24 17:07:12
Тәрбиеші педагогтармен «Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында оқыту семинары өтті...

Мектебімізде 24 қаңтар күні 2019 жылы тәрбиешілермен мектеп тренері Дауылбаева Ж. К. оқыту семинарын өткізді. Оқыту семинарының тақырыбы «Жаңартылған  білім  мазмұны  бойынша  оқытудағы  жаңа  әдіс-тәсілдер». Мақсаты: Тәрбиеші педагогтарды оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, нәтижелі білімге қол жеткізу. Оқыту семинары барысында тәрбиешілер  топпен жұмыс істей отырып идеяларын ортаға салды, ойларын  жинақтап, ортақ қорытындыға келді. Сонымен қатар, сыни ойлауы дамып, өз ойларын еркін айтуға үйренді. Өзара әрекеттесу арқылы тәрбиешілердің танымдық белсенділігі артты.