Оқушылар мен мұғалімдер арасында «АКТ қолдану құзыреттілігі мен белсенділігі» сауалнама қорытындысы...

Дата: 2018-11-27 16:44:04

  Оқушылар: Сауалнама қорытындысы бойынша: жалпы оқушылардың ақт құзыреттілік деңгейі - 80%.  Бұл орта көрсеткішті көрсетеді. Информатика пәнінде  ақт  үйренуге толық мүмкіндік бар. Түстен кейінгі уақытта  информатика кабинетінде 2 сағаттай уақытымызды пайдалана отырып, әр түрлі  бағдарламаларды үйренуге  тырысамыз.  Білімал бойынша ата-аналар  мектептегі пәндер бойынша үлгерімді қадағалап отыра алмайтынын, көп оқушылардың ата-аналары ауылды жерде тұратындығымен түсіндірді. Жалпы оқушылардың акт құзіретілігі  орта деңгейде.

Ұсыныс: оқушылардың акт құзыреттілігін арттыруда психологиялық қолдау көрсету.

Мұғалімдер: Жалпы сауалнаманың қорытындысы бойынша, мектептегі ұстаздардың 68% АҚТ-ны меңгерген. Компьютермен жұмыс жасау барысында мультимедиялық перезентациялар жасау көбіне қиындықтар туғызады, мектептегі сайттың қажеттілігін ұстаздар 100% тәжірибе алмасу үшін қажет деп санайды. Мектепте интернет желісін пайдалану үшін толық мүмкіндік жасалған деп санаса да, ұстаздар мультимедиялық қабинетте сабақты жиі өткізіп пайдаланбайтыны анықталды. Ұстаздардың 62% жеке сайт бар. Ұстаздардың тек жартысы «Білімал» жүйесіне бағаларды күнделікті енгізеді.