Қазақстандық интернет-олимпиадаларының қатысушылары ЖСН толтырады

Дата: 2018-11-14 16:01:32
Қазақстандық интернет-олимпиадаларының қатысушылары ЖСН толтырады

ҚИО олимпиадалары үшін бірқатар техникалық жаңартуларды енгізу уақыты келді. ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен Қазақстандық интернет олимпиадалар Ұсынылған пәндік олимпиадалар тізіміне енгізілгеннен кейін (бұйрық нөмірі 245), жобаның өзіне және оның қатысушыларына талаптар көтерілді.

Олимпиадаларды өту үшін оқушылар мен мұғалімдерге ЖСН мен телефон нөмірлерін көрсету қажет. Болашақта ЖСН-мен дипломдардың шынайылығын тексеруге/растауға және сайтта авторизация өтуге болатын болады.

Өзгерістер қатысушылардың жұмыстарының шешімдерін тексеруіне де әсер ететін болады. ҚИО дипломының мәртебесін бекіту үшін ұйымдастыру комитеті марапаттар тізіміне енгізілген қатысушыларды қосымша тексеруден өткізеді. Жобаның интеллектуалды жүйесі бүгінгі таңда Қазақстандық интернет олимпиадалардың Ережесіне қайшы қатысатын адамдарды анықтауға мүмкіндік береді.

 Ұйымдастыру комитеті, бақылаудың күшейтілуі нəтижелерді неғұрлым объективті жəне ашық болады деп есептейді.

 Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Интеллектуалды ұлт - 2020» жобасы қазақстандықтарды жаңа формацияда тәрбиелеуге, сондай-ақ Қазақстанды бәсекеге қабілетті адам капиталы бар елге айналдыруға көмектесетініне сенім білдірді. Бұл мақсатты барлығы бір рет пайда табу үшін күмәнді әдістерді қолданбай, өздерінің зияткерлік қабілетін өздігінен дамытатын болса ғана қол жеткізе алады.