"Мен – эколог" зияткерлік сайысынан жеңіспен оралдық...

Дата: 2018-10-28 21:07:27

 2018 жылдың 27 қазан күні Қарағанды қаласының экономикалық университетінің Экология және басқару факультеті "Экология және бағалау" кафедрасының ұйымдастыруымен облыстық деңгейде "Мен – эколог" зияткерлік сайысы өткізілді.

Бұл сайыстың негізгі мақсаты: жалпы білім беретін мекемелердегі білім алушылардың танымдық қызығушылықтары және интеллектуалдық шығармашылыққа ынталандыру. Сайыстың міндеттерінің бірі - оқушыларды өзінің туған өлкесін сүюге, табиғи ортасын аялауға, туған өлкесіне жанашырлық сезіммен қарауға тәрбиелеу.

Мектебіміз, № 2 санаторлық мектеп-интернатының 9 сынып оқушылары: Омарова Айсұлу, Кәрібай Ерсұлтан, Аяғанова Баян "Мен – эколог" сайысына "Аяла" тобының құрамында қатысып, мектебімізде экология, сонымен қатар, "Туған жер" бағдарламасы төңірегінде құрылған "Тур-travel” жобасында жүргізліп жатқан жұмыстарымен таныстырып, жобадағы бағыттарын жан-жақты аша білді.

Сайыс нәтижесінде, қорғаған жұмыстарымыз үздік танылып, І орын дипломы мен кубокпен марапатталды, оқушыларға естелік сыйлықтары тапсырылды. Оқушыларды сайысқа дайындап, бағыт берген ұстаздарымыз - Раxимберлина З. Н., Әбдірбай А. Д., Мұxаметжанова Ф. А., Жанат А. Ж. Жеңіс құтты болсын!