Мектеп директорының Білім күніне арналған салтанатты жиындағы сөзі...

Дата: 2018-09-01 19:31:12

Қымбатты ұстаздар, ата-аналар, қадірменді қонақтар, оқушылар!  Сіздерді  1 қыркүйек - Білім күнімен дәстүрлі жаңа оқу жылының басталу салтанатымен құттықтаймын.

Қазіргі таңда Қазақстанның мектептегі білім беруі жаңа бастау алу сатысында жаһандық өзгерістер мен әлемдік трендтер мектептегі білім беру мазмұнының жылдам қарқында жаңаруын талап етеді.

Былтырғы оқу жылы мектеп – интернаты үшін бірқатар жетістіктерге толы болды.  Оқушыларымыз білім, спорт, өнер сайыстарынан жүлделі орындарға ие болды.