Соңғы қоңырау мерекесіне арнаған салтанатты жиында директордың құттықтау сөзі

Дата: 2018-05-26 17:57:35
Соңғы қоңырау мерекесіне арнаған салтанатты жиында директордың құттықтау сөзі

 

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата –аналар  Сіздерді  оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын! Биылғы оқу жылы біз үшін жақсы жыл болды деп айта аламыз.

1, 2, 5, 7 сынып оқушылары жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы бойынша білім алып шықты.  Мектеп оқушылары республикалық, облыстық, қалалық байқауларға қатысып көптеген жетістіктерге жетті.

Мектеп бойынша білім сапасы 46 пайызды құрайды. Былтырға қарағанда 5 пайызға өсті. Құрметті оқушылар алда тұрған емтихандарыңды жақсылып тапсыруға тілектеспін.  Келесі оқу жылында 3, 6, 8 сыныптар жаңартылған білім бері бағдарламасы бойынша білім алады. Мерекелерің құтты болсын! Жазғы демалыстарыңды қызықты да мәнді өткізіп, келесі оқу жылына жаңа күштеріңмен келеді деп сенемін.