«Балуан Шолақ» повесі бойынша әдеби кеш өтті...

Дата: 2018-05-08 21:37:20
«Балуан Шолақ» повесі бойынша әдеби кеш өтті...

 

   5 мамыр күні Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Бір аймақ – бір кітап» акциясы бойынша 8-9 сынып оқушылары арасында жазушы Сәбит Мұқановтың «Балуан Шолақ» повесі бойынша әдеби кеш өтті.

Әдеби кештің мақсаты – Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы туралы деректер келтіріп, ақын өлеңдерінің мазмұнын ұғындыру, жатқа оқыту. Ақын жайлы естеліктерді еске түсіру, мәнерімен айтқызу. Биік адамгершілікке, өмірді сүйе білуге баулу.

Кеш барысында «Балуан Шолақ» повесі талданып, Балуан Шолақтың әндері шырқалды. Оның өмірі мен шығармашылығынан оқушылар толықтай мағлұматтар алып, бейне-сюжеттер тамашалады.