Қайырлы күн, оқушылар, ұстаздар! Шалқыған айдынды туған қаламыз Балқаш қаласының күнімен құттықтаймын!

Дата: 2018-04-20 09:32:06
Қайырлы күн, оқушылар, ұстаздар! Шалқыған айдынды туған қаламыз Балқаш қаласының күнімен құттықтаймын!

 

  Арқа өңірінің келбеті келіскен, шағын да болса  ел тарихында өзіндік орны бар қаламыз  күн өткен сайын шырайланып келеді.  Мемлекет басшысы  Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған  Жолдауында айқындалған бағыт-бағдарға  сай  қаламызда барлық тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсартуға арналған  маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Жылдан жылға қаламыздың сыртқы келбетінде көптеген жағымды өзгерістер пайда болды - жаңа үйлердің қабаттары көбейіп, саябақтары мен бақтары көркейді, жолдар мен қалалық аулалар қалпына келтірілді. Бүгінгі таңда Мемлекетіміздің Елбасы жобалаған бағдарламасының  нәтижелі түрде іске асырылып жатқанын көзбен көру бақытына ие болып отырмыз. Жергілікті биліктің жігері, депутаттардың, көркейту қызметтерінің, өнеркәсіптер мен ұйымдардың, білім ұйымдарының әрекеттері арқасында біздің сүйікті қаламыз жаңарып келеді.

Қала тұрғындары да оның жағымды өзгеруіне белсенді қатысуда. Өз қаласына ерекше сүйіспеншілікпен қарайтын адамдар – қаламыздың басты байлығы, олар күнбе-күн өз жұмыстарын атқара отырып, оның дамуына орасан зор үлес қосуда. Осы 77 жыл бойы  қаламыз өсу-өркендеуді басынан кешіріп, келер күнге сеніммен қадам басты.  Адамдар еңбегінің арқасында  қарқынды даму  үстіндегі сәулетті қалаға айналды. Бұл кенді қалада   діні мен тілі басқа  сан алуан ұрпақ  өкілдері бір шаңырақ астында шаттықпен ғұмыр кешуде.  

Балқаш - болашағы жарқын қала. Қаламыздың келешегі кемел екені сөзсіз. Көрікті Көкше көлдің келбеті көптің қызығушылығын арттыруда. Келешекте өңіріміз туризмнің  таңғажайып мекені болып,  еліміздің шоқтығы биік қалаларының біріне айналатынына  сенімдіміз.

Тәуелсіз Қазақстанның  көркем қаласы  Балқаштың әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуіне қосқан қомақты үлестеріңізге, ерен еңбектеріңізге, азаматтық қоғам құруға белсене қатысқандарыңызға, бейбітшілік пен келісімді сақтауға ат салысқандарыңызға алғысымызды білдіремін. Бүгінгі Балқаш – қарыштап дамыған мемлекеттің, мәңгілік достықтың символы.

 Туған жеріміз Балқаш қаласының күні құтты болсын, құрметті жерлестер!  Кенді мекеніміздің мәртебесі биіктеп, мерейі арта  берсін. Сіздерге және отбасыларыңызға шын жүректен зор денсаулық, игілік, табыс және бақыт тілеймін. Сүйікті қаламыз – ару Балқаш көркейе берсін!