Мектеп директорының М. П. Русаковтың туған күніне орай ұйымдастырылған салтанатты жиындағы сөзі

Дата: 2017-11-27 17:45:28
Мектеп директорының М. П. Русаковтың туған күніне орай ұйымдастырылған салтанатты жиындағы сөзі
 
   
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар!
 
Биылғы жылы қаламыздың 80 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отырған геолог, есімі Балқаш өңірінде құрметпен аталатын, көрнекті ғалым, Қоңырат кен орынын ашушы М.П.Русаковтың туғанына да 125 жыл толып отыр. 1964 жылы №2 мектеп-интернатына М.П.Русаков аты берілді. Ал 1966 жылдан бастап мектеп-интернатында геолог-барлаушы, геология-минерология ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі М.П.Русаковқа арналған мұражай ашылды.  Жыл сайын М.П.Русаковтың туған күніне орай біздің мектебіміздің бүлдіршіндері 1-сынып оқушыларын дәстүрлі түрде Русаковшылар қатарына қабылдаймыз. Бүгін де сіздер осы қуанышты сәттің куәгері боласыздар.