«Алғашқы ұстаз - Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына тарту» ролигі және «Өмір жолы» көрнекті ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин туралы бейнефильмнің көрсетілімі ұйымдастырылды...

Дата: 2021-03-26 23:20:57
«Алғашқы ұстаз - Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына тарту» ролигі және «Өмір жолы» көрнекті ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин туралы бейнефильмнің көрсетілімі ұйымдастырылды...

2021 жылдың күнтізбесі даталарға, мерейтойларға және адамзат өміріндегі оқиғаларға бай. Солардың ішінде ерекше даталар және ешқашан ұмытылмайтын есімдер бар. Олардың қатарына ұлы Ыбырай Алтынсариннің есімі жатады. Оқушылардың қазақ халқының мәдениеті туралы білім көкжиегін кеңейту, сондай-ақ Ыбырай Алтынсариннің қазақ ағартушысы, жазушысы, фольклористі, қоғам қайраткері және этнограф ретіндегі шығармашылық тұлғасы туралы түсініктерін кеңейту мақсатында 26 наурыз күні 5 сынып оқушыларымен «Алғашқы ұстаз - Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына тарту» ролигі және «Өмір жолы» көрнекті ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин туралы бейнефильмнің көрсетілімі ұйымдастырылды. Оқушылар бейнефильмді тамашалаған соң бір-біріне сұрақтар қойып, пікір алмасты және Ұлы ағартушы жайында көптеген мағлұматтармен білімдерін толықтырды.