«Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында 2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойына орайластырылған «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 кітап» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды ...

Дата: 2021-02-19 17:06:04
«Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында 2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойына орайластырылған «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 кітап» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды ...

Қазақстанда 2021 жыл Тәуелсіздік жылы деп жарияланды. Осыған орай «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Акция аясында «30 кітап - Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» атауымен жалпы халықтық оқуға танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік шығармасы таңдалды.

Акцияның мақсаты - отандық әдебиетті насихаттау, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарға адамгершілік-патриоттық тәрбие беру, ана тілін құрметтеу. Акцияның міндеті - қазақ әдебиетін кеңінен насихаттау, халықтың оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге қызығушылықты дамыту, сонымен қатар жас ұрпақтың интеллектуалды және рухани дамуына үлес қосу.

Михаил Русаков атындағы санаторлық мектеп-интернатының кітапханасында, «Мобильді кітапхана» стендінде "Тәуелсіздіктің 30 жылдығына - 30 кітап" QR код арқылы оқуға поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы таңдалған авторлардың 30 үздік туындылары, сонымен қатар осы авторлардың әр жылдары шыққан басқа кітаптары ұсынылған.