Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай...

Дата: 2021-02-19 17:02:51
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай...

Биыл Тәуелсіздігіміздің алып, Егемен ел атанғанымызға 30 жыл толады. Тарихи тұрғыдан бағамдасақ, отыз жыл-аса көп уақыт емес. Десе де, Қазақстан аз уақыт ішінде әлемдік алпауыттармен терезесін теңестіріп, жаһан жұртына қарышты қадамдарымен танылып үлгерді. Сол отыз жылдық азат күндерімізге арналған іс-шаралар легі басталып та кетті. 2021 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын атап өту мақсатында мектебіміздің кітапханасында Тәуелсіздік дәуірі: «Жасампаз Қазақстан: бейбітшілік пен өрлеудің 30 жылы» және «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына 30 кітап» тақырыптарында кітап көрмелері ұйымдастырылды. Көрме мазмұны ай сайын жаңа мәліметтермен толықтырылып отырады және оқушылар жыл бойы осы көрмеден өздеріне керекті мағлұматтар алып отырады.