«Қауіпсіз жаз»

Дата: 2019-04-25 14:05:17
«Қауіпсіз жаз»

«Қауіпсіз жаз»

Каникул – бұл балалардың көбі  ересектердің  үнемі бақылауында  болмайтын уақыт. Бұл кезеңде балалар өздерінің көп уақытын далада өткізеді. Сондықтан осы кезеңде ересек балаларға жазғы каникул кезіңдегі жүріс-тұрыс ережелерін еске салу керек.

Оқушылармен   автожолдардағы, су айдындарындағы, өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша әңгімелесу өткізді.

Өрт қауіпсіздігі ережесінің біздің күнделікті  өміріміздегі қарапайым бірақ өте қажетті ережелердің сақталмауынан болатын зардаптар туралы баяндады.

Су қоймаларындағы негізгі тәртіп ережелері және суда болған жағдайда не істеу қажет, сонымен қатар алғашқы көмек көрсету ережелері туралымектеп медбикесі Галстян Н.С.тыңдаушылар назарына ұсынды.

Сонымен қатар қатысушылар назарына «Судағы қауіпсіздік негіздері» бойынша оқыту фильмі ұсынылып, көрнекі насихат таратылды.

Әңгімелесу соңында қызметкерлер тыңдаушыларға назар аударғандары үшін алғыстарын білдіріп, жазғы каникулды қауіпсіз өткізулеріне тілектес екендіктерін жеткізді.