Айқын

Дата: 2019-02-20 16:04:10

5 – 9 сынып оқушыларының білім сапасы, облыстық "Айқын" жобасын жүзеге асыру мақсатында 30.01.2019 ж.-05.02.2019 ж. аралығында біздің интернатымызда тестілеу өтті. 5-9 сынып оқушыларынан барлығы 99 оқушы тест тапсырды.

"Айқын" жобасы оқушылардың білім сапасын мониторингілеу және ата-аналардың негізгі пәндердің бағдарламалық материалын меңгергені туралы ұялы (мобилді) ақпараттандырылуы үшін жүргізіледі. Әр тоқсанның соңында балаларды тексеру күтіп тұр: тестілеу негізгі пәндер бойынша бағдарламаның қаншалықты сапалы игерілгендігін анықтауға арналған. Оқушылар функционалдық сауаттылық деңгейін анықтау үшін жүйелі түрде тестілеуден өтті. Мұғалімдер мен ата-аналар тексеру қорытындысы бойынша қорытынды жасап, әрбір нақты оқушыға тағы да жеткізу керек екенін анықтай алды. Жылына төрт рет оқушылар сабақта не үйренгенін көрсетеді. Тестілеу нәтижелеріне тек педагогтар мен мектеп басшылығы ғана емес, сонымен қатар оқушылар мен олардың ата-аналары да қол жеткізе алады.