ЖББТМИ оқитын оқушыларының қоғамдық көлікте жүруі үшін төленетін жолақы төлемі туралы ақпарат

Дата: 2019-02-07 16:45:28

ЖББТМИ оқитын оқушыларының қоғамдық көлікте жүруі үшін  төленетін жолақы төлемі туралы ақпарат

Балқаш қаласы жалпы типтік мектеп-интернатында жетім балалар ғана емес, аз қамтылған, көп балалы , тұрмысы төмен отбасылардың балалары да оқиды. Мектеп-интернат оқушыларына қоғамдық көліктегі мектеп интернат 1-9 сынып оқушыларының жол ақысының ақшалай төлемдері анықталады. 7 жастан 14 жасқа дейін 60 теңге, 15 жастан бастап 120 теңге көлемінде төленеді. Бөлінген қаражат  ата-аналарының, қамқоршылардың жеке есепшотына аударылады.Оқушылардың  қоғамдық көліктегі жолақы билетіне төлемдерді алуы үшін 3 немесе одан да көп аялдама  болуы керек.

Қажетті құжаттар:

1. Анасының немесе әкесінің жеке төлқұжатының көшірмесі (қамқоршының)

2. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі.

3. ЖСН көшірмесі.

4. Мекен жай анықтамасы.

5. Ата-ананың өтініші ( қамқоршының)

6. Халық банктен 20 санды карточкалық есебі.

Мысалы: КZ163660261200182129