Жаңа білім беру сапасы: 2017 жылдың қорытындысы мен 2018 жылға арналған жоспар

Дата: 2018-12-05 14:16:33

Міндет анықталды — білім берудің жаңа сапасы

2018 жылға арналған міндеттерге сәйкес, бейінді ведомство мәліметтері бойынша 121,8 мың орынға арналған 1 067 мектепке дейінгі мекеме ашу, оның ішінде 766 (71,5 мың орынға) жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар, сондай-ақ балаларды ерте дамытудың стандарттары мен бағдарламаларын енгізу, БМЖМС-ға өзгерістер енгізу және жаңа бағдарламалар әзірлеу, электрондық Үкімет пен «E-әкімдік» жүйелерін біріктіру арқылы балабақшаларға бағыт беру үрдісін автоматтандыру бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату жоспарланып отыр.

Орта білім беру бойынша, жаңартылған мазмұнға көшу жұмыстары жалғастырылып жатыр (3, 6, 8 сыныптар), жаңартылған мазмұнға сәйкес білім беруге көшкен мұғалімдердің еңбекақысын біртіндеп 30%-ға арттыру, педагогтарды аттестациялаудың жаңа жүйесін енгізу, аттестаттаудың жаңа Ережелерін қабылдау, біліктілік деңгейін және ұлттық біліктілік тестінің нәтижелерін ескеретін педагогикалық шеберлік санаттарына арналған қосымша ақы төлеудің жаңа желісін құру жоспарланып отыр. Педагогтер біліктіліктеріне байланысты 20%-дан 50%-ға дейін қосымша ақы алатын болады.

Сонымен қатар Астана, Шымкент, Ақтөбе қалаларының жекеменшік мектептері мен Астананың мемлекеттік мектептеріне жан басына қаржыландыру жүйесін енгізу жоспарланған. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында білім беруді цифрландыру жүзеге асырылады және электронды журналды, «Күнделік» күнделігін енгізу және үш тілде бейнефильмдер мен интерактивті сабақтарды әзірлеу жұмыстары жалғастырылады.

Техникалық және кәсіптік білім беруде «Барлығына арналған кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын енгізу, кредиттік-модульдік технология бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу, қосарлы білім беруді енгізу, 20 құзырет орталықтарын құру, оқу процесіне WorldSkills стандарттарын ескере отырып білім беру бағдарламаларын енгізу, WorldSkills халықаралық чемпионатында ТжКББ білім алушыларының позициясын жақсарту және шетелдік оқулықтарды аудару жұмыстары жалғастырылады.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында 2018 жылы мына жұмыстар жалғастырылады:

- ЖОО-лардың академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту,

- университеттердің білім беру бағдарламаларының тәуелсіз рейтингісін жүргізу және үздік білім беру бағдарламаларының тізімін жасау,

- шет елдерде білім беру көрмелерін ұйымдастыру және өткізу,

- Қытай, Үндістан, Өзбекстан және Түркіменстанда Халықаралық бағдарламалар орталығының өкілдіктерін ашу мәселесін пысықтау,

- екі дипломдық білім беруді жүзеге асыру арқылы шетел студенттерін тарту жұмыстарын жалғастыру, ағылшын тілінде білім беру бағдарламаларын іске асыру,

- АТ, педагогикалық, медициналық, техникалық бағыттар бойынша жаңа университеттерді ашу мәселесін пысықтау,

- ағылшын тілінде 10 жаңа бағдарлама әзірлеу.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми сайтына сілтеме -https://primeminister.kz/kz/news/all/16046