"Мектеп – өмір мектебіне"

Дата: 2018-02-12 14:27:48

Жоба "мектеп – өмір мектебіне"

 

Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады . Мамандықтың жаманы жоқ , бірақ  мұны таңдау зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. 

Жеке өмірге қадам басқан әрбір жас үшін мамандық таңдау мәселесі ең маңызды кезең болып табылады.

Осыдай мәселе біздің де мектеп-интернаттың оқушыларында  да кездеседі.

Оқушылардың өмірде өкінбейтіндей өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдауға көметесу және бағыт беру үшін «Білім мектебінен –өмір мектебіне» жобасын іске асырудамыз.

 

Жобаның мақсаты: Оқушыларды азаматтыққа,еңбекқорлыққа,адамның құқтары мен бостандықтарын құрметтеуге,қоршаған ортаға,отанға,отбасына деген сүйіспеншілікті,қоғамдық өмірге толық қанды және тиімді қатысуға қабілетті әлеуметтік  интеграцияланған ұшқыр тұлғаны дамытуға бағытталған оқу-тәрбие үрдісін жобалау.

Жоба 3 жылға есептелінген,бірақ оны жалғастыруды жоспарлап отырмыз.

Жобаны дамыту үйірме жұмыстары арқылы күннің екінші жартысынды тәрбиешілер  және қосымша білім беру мұғалімдері жүргізеді.

Биылғы оқу жылында мектеп-интернатта 17 үйірме жұмыс жасайды,оған 194 оқушы қатысады.

«Өнер шығармашылығы» үйірмесінің  жұмыс бағыты

Бисермен жұмыс,тоқыма тоқу,аппликациямен жұмыс,  квиллинг өнері, сурет салу.

 

Үйірме  жұмысының мақсаты:

 

-Дарынды және үлгермеуші оқушылармен жұмысты жандандыру,жеке және топтық жұмыстар жасау арқылы қызығушылығын ояту;

-Өз қабілеттерін шыңдау шығармашылық қабілетке баулу;

-Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру;

-Салауатты өмір салтын насихаттау,отан сүйгіштікке баулу.

 

Назарларыңызға мектепішілік үйірме жұмысын ұсынамын

 

Көрме

 

Мектеп-интернат үйірме жұмысының нәтижелері өткізілген көрмелерден байқауға болады. 2016-2017 оқу жылында өткен мектеп күнінде көрсетілген «Шебер қолдар»көрмесі соның дәлелі.

 

 Жетістіктер

 

Үйірме жетекшілері оқушылар шығармашылығын кеңейтуге және талпындыруға тырысады. Үйірмеге қатысатын оқушылар   мектепішілік,қалалық және аймақтық шығармашылық сайыстарға қатысып

жүлделі орындарға ие болуда. 

Сабақтан тыс уақытта оқушылардың қызығушылығымен қатысатын

«Спорт  секция», «Ритмика», «Хореография», «Вокал» үйірме жұмыстары ұйымдастырылған.

Спорт секциясына кешкі мезгілде интернатта қонатын 90 оқушы қатысады. 1-4 сынып аралығында 82 оқушы  «Ритмика» ,5-9сынып аралығында  30 оқушы «Хореография», 2-9 сыныптар аралығында 172-оқушы «Вокал» үйірмесіне үлкен  қызығушылықпен қатысады.

Үйірме мүшелері мектепішілік және қалалық ұйымдастырылғын іс –шараларға белсене ат салысады.Бұдан біз оқушылардың үйірме жұмыстарына деген қызығушылығының бар екенін көреміз. 

 

Жетістікте

 

Қалалық «Айгөлек-2016» байқауы 2 орын;

Қалалық акция «Қауіпсіз  балалық шақ» байқауы 1орын;

Қалалық  «Черлидер жұлдыздары» 1 орын;

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы «Черлидинг» сайысы Бас жүлде;

«Балқаш жұлдыздары»гала-концерке белсене өнер көрсеткені үшін Диплом; «Қазақстан –достық мекені»қалалық би фестиваліне қатысқаны үшін Диплом;

Қалалық «Ерліктің мәңгілік алауы» атты сахналық әскери патриоттық фестиваліне қатысқаны үшін,Мақтау қағазымен марапатталда.

Әр оқушының  еңбегі  жетістікке жеткізеді.Оқушылардың   әлі талай жетістіктерге жетіп, шығармашылық шыңынан көрінеріне сенімдіміз.

Мамандық таңдау үйірмесінде оқушылардың өздеріне ұнайтын мамандықты таңдауына, бағыт- бағдар беруге үлкен мүмкіндік бар.

Біздің  мектеп -интернат оқушылары  бұрын қаладағы оқу орындарына түсуі қиын болатын, оқуға қабылдамайтын,қабылдаған жағдайда  оқуды аяқтамай  түрлі себептерімен шығып кететін. Себебі оқушылар сабақты көп босатады немесе тәртіптеріне дұрыс болмайды.

Жобаның  нәтижесі  соңғы 3-4 жыл аралығында біздің оқушылар қаламыздың және басқада қалалардың оқу орындарында  білімі алуға  мүмкіндік алды.

 

Оқу орындар

 

Ұлы Абайдың: "Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар, қалан",-деген қанатты сөзі өмірде әрбір адамның өз орнын тауып, тұлғалы азамат болуға жетелейді.Үйірме жұмыстарын жүргізген   уақыт ішінде үйірмеге жақсы қатысып, белсенділік танытқан үйірме мүшелері кейін кәсіптік -техникалық бағытта, жоғары оқу орындарында өз мамандықтарын игеруде.

Балалар мен жасөспірімдердің теріс жолға түспеуі үшін үйірме жұмысын тиімді ұйымдастыру арқылы  өз мамандықтарын дұрыс таңдап, дұрыс игеріп  өмірден өз орындарын, дұрыс таба білген түлектерімізде бар.

Аманкелді Аңсаған Думанкелдіұлы  -Ж.С.Ақылбаев атындағы Балқаш маңызды білім беру колледжінің 3курс студенті. Балқаш қаласының 80 жылдық аясында ,жастар саясатын жүзеге асыруға үлес қосып,биік шығармашылық,қоғамдық,кәсіби деңгейде танылғаны үшін «Жатсар лидері» номинациясы бойынша Балқаш қаласының әкімінің «Өркен» жастар сыйлығының иегері.

Тоқтар Сейілбеков- Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық техникалық колледждің технология мамандығы бойынша тәлім алып,еңбек жолын Балқаш қаласында баста, қазіргі уақытта Алматы қаласында дизайнер болып жұмыс жасайды.  «Ұлттық жас дизайнерлер» сайысына қатысып жеңімпаз атанды.

Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық техникалық колледждің түлектері Мухсинов Ернат пен Соқпаева Ақниет  өз өмір жолдарын бірігіп бастап, отбасын құрды.

« Қазақмыс»корпороциясының политехникалық колледждің түлектері :

Төлеген Бектас

Егінбаев Нұртас

Адамбеков Ринат.

Рақымжан Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледждің түлегі Алимбетов Азамат

Амиржанов Мадияр.

Қарағанды мемлекеттік Университетінің түлегі Амиржанова Арнагул.

Арнагүл мен Мадияр қазіргі кезде екі баланың ата-анасы.

Қарағанды экономикалық университет студенті  Акпушукова Рината.

Жанұяда тәрбиеден кеткен ақаулық жіберілген қателіктер салдарынан қиын бала туындайды.Мектеп қабырғасында жүргенде

Мельникова Лолита қиын бала қатарында еді. Лолита арнайы мекепте оқыды,одан қайтып келіп  интернаттан  9-сыныпты бітіріп шықты. Қазіргі уақытта өмірде өз жолын тауып,отбасы құрып, 3 баланың анасы атанды.  

Тусупова Айнұр мектеп-интернатта оқып жүргенде көп қиындық туғызатын баланың бірі еді. Отбасындағы қиындықтары баланың  мінез құлқын өзгертетін .Мінезі тұйық тәрбиешілермен тіл табыса алмайтын.Айнұр қазір өзі білім алған мектеп –интернатта жұмыс жасайды. Отбасын құрып ,3 бала тәрбиелеп отыр. Көп балалы ана болуыда жоспарында бар.