мектеп күні «Педагогикалық заманауи сабақ моделі» тақырыбында І кезеңнің ашық сабақтары туралы ақпарат

Дата: 2020-01-22 15:21:59
 мектеп күні «Педагогикалық заманауи  сабақ моделі» тақырыбында І кезеңнің ашық сабақтары туралы ақпарат
Ақпарат 22 қаңтар жалпы блім беретін №9 орта мектебі дәстүрлі мектеп күні «Педагогикалық заманауи сабақ моделі» тақырыбында І кезеңнің ашық сабақтарын өткізді. «Үздік мұғалім» атағына үміткер ұстаздарымыз өз тәжірибесімен бөлісті. Жаратылыстану-математика бағыты бойынша физика пәні мұғалімі Алтаева Г.Х 7 «Ә» сыныбында «Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы» тақырыбында, даярлық тобында Сейтханова Қ.С «біздің айналамыздағы математика» сабағында «Сандар әлеміне саяхат» тақырыбында және қоғамдық гуманитарлық бағытта қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Бекмурзаева Н.Б 7 «А» сыныбында «Ең көп қолданыстағы желілер. Септік шылаулар» тақырыбында ашық сабақтар өткізді. Өз тәжірибесімен бөліскен мұғалімдер жаңартылған білім мазмұнындағы белсенді әдістерді сабақтарында тиімді қолданып, қалыптастырушы бағалау түрлерін жүргізіп, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ақпараттық ресурстарды қолданды.
Автор: №9 ОМ