ЖББ№9 орта мектебінің кәсіптік білім беру жұмысы бойынша жүргізілген іс- шара ақпараты

Дата: 2020-01-17 13:21:44
ЖББ№9 орта мектебінің   кәсіптік білім беру жұмысы бойынша жүргізілген іс- шара ақпараты
17.01.20 күні мектебіміздің 5-6 сынып оқушылары мектеп директоры Д.Жолдасова және сынып жетекшілерімен бірге кәсіптік білім беру мақсатында "Қазақмыс" корпорациясының политехникалық колледжіне барды. Политехникалық колледжінің директоры А.Сыздықова сөз алып , колледж өмірімен таныстырып, оқушыларға жылы лебізін білдірді. Колледж студенттері оқушыларға мамандықтар туралы және өздеріне жасалатын мүмкіндіктер жөнінде толық ақпарат берді. Сонымен бірге оқушылар колледждегі шеберханаларды аралап, студенттердің дәрісін тыңдап, өздері білгісі келетін сұрақтарына жауап алды.
Автор: №9 ОМ