13-қаңтар күні саптық жиыны ақпараты

Дата: 2020-01-13 16:30:12
13-қаңтар күні саптық жиыны ақпараты
13-қаңтар күні мектеп оқушылары үшін саптық жиын өткізілді. Жиын барысында 2020 жылдың атаулы күндерімен таныстырып, Қазақстан Республикасының президенті Қасым – Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялағанын атап айтты. Осы орайда 9-сыныптан құралған үгіт-насихат тобы оқушыларға еріктілік туралы мағлұмат беріп, ерікті болуға шақырды. Сонымен қатар, мектеп директоры Д.Жолдасова 2019 жылдың ең үздік оқушыларын марапаттады.
Автор: №9 ОМ