Жбб№9 орта мектебінде өткізілген ата- аналар жиналысының ақпараты 2019-2020 оқу жылы

Дата: 2019-11-08 17:17:21
  Жбб№9 орта мектебінде  өткізілген ата- аналар жиналысының  ақпараты 2019-2020 оқу жылы
2019 жылдың 7.11.19 күні мектебіміздің 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарына «Мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастық» тақырыбында жиналыс өтті.Жиналыста мынадай мәселелерге тоқталды. «Педагог мәртебесі» , «Критериалды бағалау жүйесінің өзекті мәселелері», «Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ», 9-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау туралы ақпараттар берілді. "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасына сәйкес, енді мұғалімдердің балаларына балабақшадан бірінші кезекте орын беріледі.Ұстаздар үшін "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" мемлекеттік марапатын бекіту көзделіп отырғаны жайында ақпарат берілді. Критерий оқушының жас ерекшелігіне, бағдарламаға сай алынатынын және тоқсан соңында әр критерий бойынша негізгі бақылаудан алынған орташа балл есептелінетіндігі туралы түсіндірді. 9-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау келесі формаларда: 1) ана тіліндегі жазбаша емтихан (оқыту тілінде) - гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептердегі оқушыларға арналған жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) 2) математикадан жазбаша емтихан (алгебра); 3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан; 4) таңдау пәні бойынша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, әлем тарихы, әдебиет (оқыту тілінде), шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) жазбаша түрде өткізілетіні туралы ақпарат айтылды. Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғауға арналған "111" байланыс орталығы жұмысын бастады. Балалар құқықтары жөніндегі уәкілетінің қоғамдық қабылдау қызметінің басты мақсаты – өскелең ұрпақтың құқықтары мен мүдделерін қорғаушылардың барлығын біріктіретін ақпараттық-кеңестік орталығы ретінде жұмыс істеп, бала құқығы бойынша қоғамда қордаланып қалған негізгі мәселелерді шешуге атсалысу.
Автор: №9 ОМ