«Мектепке жол» акциясының ақпараты

Дата: 2019-08-01 12:00:23
«Мектепке жол» акциясының ақпараты

«Балқаш қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 09.07.2019 жылғы «Мектепке жол» Республикалық акциясын ұйымдастыру және өткізу туралы №385 хатына сәйкес, азқамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету мақсатында  ағымдағы жылдың 1 шілдесі мен 30 қыркүйек аралығындағы «Мектепке жол» республикалық акциясы мектепте өтіп жатыр.

            «Мектепке жол» акциясына жоспар құрылып, бекітілді. Акцияны насихаттау мақсатында мектеп фойесіне ақпараттық стенд қойылып, ауласына баннер ілінді.

Үкіметтік емес ұйымдарды және бизнес құрылымдары акцияға қатысуға тарту мақсатында үгіт-насихат қағаздары таратылды.

            Дәлелсіз себептер бойынша мектепке келмей жүрген балаларды анықтау мақсатында жүргізілген  рейдтер  барысында ондай оқушылар анықталған жоқ. 

            «Мектепке жол» акциясы алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

Автор: №9 ОМ