Жас Ұлан ұйымына Жас Қырандарды қабылдау салтанатты жиыны

Дата: 2019-05-04 10:57:57
Жас Ұлан ұйымына Жас Қырандарды қабылдау салтанатты жиыны

3 мамыр  күні мектепте  «Жас Қыран» ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. «Жас Қыран» ұйымына 22 оқушы қабылданды. Қабылданатын оқушылар «ЖасҰлан», «ЖасҚыран» қатарына өтудің жауапкершіліктің мол екенін сезіне білді. Оның қатарына қабылданған оқушы мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласып және сабақтарын үздікке оқып, өзелінің мақтанышы болатын азамат болуына міндеттейтінін сезінді.

Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды. Онда мектеп ұстаздары мен Жас Ұлан ұйымының мүшелері қатысты. Ұйымға қабылданушы оқушылар «Өз Отаны – Қазақстанның патриоты болуға, «ЖасҰлан» ережесін бұлжытпай сақтап отырып, өзінің достарынан соны талап ете отырып, Отанды сүюге салтанатты түрде ант берді. «ЖасҰлан» ұйымының мүшелері «Атамекен» әнінің ырғағында жас қабылданушыларға галстуктарын тағып, кеуделеріне төс белгілерін қадап берді. Салтанатты жиынның жабылу рәсімі «Жас Ұланның» әнұранымен аяқталды.

Автор: №9 ОМ