Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген іс-шара туралы ақпарат 2018-219 оқу жылы

Дата: 2019-03-28 15:03:20
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген іс-шара туралы ақпарат 2018-219 оқу жылы

Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  күрес іс-шарасы аясында наурыз айында, көктемгі демалыс уақытында 8 - сынып оқушылары арасында «Қоғамға жат көріністер» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды.

         Жемқорлық қаупі бүгінде жалпы жаһан жұртшылығын толғандырады. Сондықтан, сыбайласқан қылмыстық әрекеттерді жою мақсатында жұдырық болып жұмыла жұмыс істеген жөн. Қай  мемлекеттің  болмасын, ілгерілеуін  іркілтетін  ішкі індет  бар. Ол – жемқорлық.  Жаһанның  жағасына  жармасқан  жұқпалы  дерт  Қазақстанда   да жоқ емес. Сол себепті, жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелейтін бұл іс-шара өз дәрежесінде өтті.

Автор: №9 ОМ