«Балауса» қыздар ұйымының ақпараты

Дата: 2019-01-18 21:14:18
«Балауса» қыздар ұйымының ақпараты

2018 жылдың қантар айының 18 күні мектебіміздің қыздарымен «Жылы жүрек – жақсы тілек» атты қыздар жиналысы өткізілді. Жиналысқа директордың оқу-тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Сагимбекова Д.Р., мектеп медбикесі Джанбирбаева А.Р., педагог-психолог Байкежан А, әлеуметтік педагог А.Тайкен және аға тәлімгер Т.Т.Есен қатысты.

Мақсаты:қыздарды  ұлттық салт-дәстүрлерді қастерлеп, тәрбиелі, білімді, өнерлі болып өсуге, қыз бала гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету; өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру; қызарды  инабатты қыз болып өсуге баулу.

Тазалық – денсаулық негізі,

Денсаулық – байлық негізі.

Мақал

          Жиналыста қыздардың тәртібі, сабаққа қатысы, мектеп формасы, жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын – алу, сенім жәшігі және сенім телефондары жайлы айтылды.

Автор: №9 ОМ