2018 оқу жылындағы кезекті әдістемелік отырыс Ақпараты

Дата: 2018-11-29 11:12:16

2018 - 2019 оқу жылындағы қараша айында кезекті әдістемелік отырыс өткізілді. Әдістемелік отырысқа 59 мұғалім қатысты. Бірінші мәселе бойынша «Мектеп практикасына озық педагогикалық тәжірибені зерделеу және енгізу» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі А.Аханова, математика пәні мұғалімі Г. Жунусова,орыс тілі пәні мұғалімі С. Абдуалиева сабақтарында пайдаланып жүрген озық әдіс-тәсілдерімен таныстырды.

Екінші мәселе бойынша «Мұғалімдердің өзіндік білім көтеру жоспарын жасау жолдары және әдістемелік бірлестік жетекшілерінің әдістемелік шеберлігін арттыру» тақырыбындабірлестік жетешілері, тәлімгерлер мұғалімдердің өзіндік білім көтеру жоспарларымен таныстыра отырып, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Мектеп директоры Г. Әби қаралған мәселе төңірегінде ата-аналармен білім мазмұнын жаңартуда тығыз қарым-қатынас жасау, тоқсан қорытындысы бойынша ата-аналарға жиналыс өткізу қажеттіліктерін басып айтты.

Автор: №9 ОМ