«Қалыптастырушы бағалау» бойынша семинар сабақтың өтуі туралы aқпарат

Дата: 2017-10-10 03:39:20
«Қалыптастырушы бағалау» бойынша семинар сабақтың өтуі туралы  aқпарат

2017 оқу жылындағы 12 қыркүйек күні 1 сынып және білім мазмұнын жаңарту бағдарламасына көшетін 2,5,7 сынып мұғалімдеріне мектеп координаторының ұйымдастыруымен «Критериалды бағалау» тақырыбында семинар-сабақ ұйымдастырылды.Семинар сабақтың мақсаты: Әріптестер арасында критериалды бағалау, оның мақсаты,  маңыздылығы жайында ой бөлісу, тәжірибелеріне енгізуге бағыт-бағдар беру.

Үйлестіруші модератор С.Т. Ботаханова сабақтағы критериалды бағалаудың тиімділігін, критериалды бағалаудың құрылымын түсіндірді. Қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың ерекшелігін түсіндірді. Критериалды бағалау дегеніміз не? - деген сұрақ аясында мұғалімдер өзара ой бөлісті. Жиынтық бағалау қалай жүргізіледі? Сабақта оқушыларды бағалау парағы жасыл сиямен орындалатынын ескертті. Мұғалімдер «Критериалды бағалау» жұмысын жандандыру мақсатында ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігін ұсынды.

Автор: №9 ОМ