«Кітап оқып жарысайық »

Date: 2021-04-29 15:34:23
28.04.2021 жылы мектеп кітапханашылары «Халықаралық балалар кітабы күніне» орай оқушыларды кітапханаға тарту,кітап оқуға деген құлшыныстарын ояту мақсатында «Кітап оқып жарысайық » атты мектеп кітапханасының оқырмандарын марапаттау жиынын ұйымдастырды.Жиынға 2-4 сынып оқушылары қашықтықтан көру арқылы көрермен болып қатысты.Бұл жиында жыл бойғы мектеп кітапханасының тұрақты оқырмандары анықталып,оларға әр түрлі номинациялар берілді.
Кітапханашы З.Шайбекова: «Халқымыз өнер мен білімді қастерлеген.Бүгінгі таңда адамзат алдында тұрған басты мақсат- білімді ұрпақ тәрбиелеу.Ал ұрпақ білімді қайдан алады?Әрине, кітаптан. «Кітапхана –білімнің күншуағы» десек, «Ізденсем,білсем» деген балаға кітапхананың есігі әрқашан да ашық. Атақты жазушы Максим Горький «Мен бойымдағы жақсы қасиеттер үшін кітапқа қарыздармын» – дегендей кітап оқи отыра өз бойымыздағы жаман қасиеттерден арылып,жақсы мінез қалыптастыра аламыз.Яғни кітап оқу арқылы біз өзімізді-өзіміз тәрбиелейміз. Кітап – сарқылмас рухани қазына- дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындырып, оқушыларға 2-сәуір «Халықарарлық балалар кітабы күні» және 23-сәуір «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық» күндерінің шығу тарихына тоқталып, қызықты мәлімметтермен таныстырып өтті. Сонымен қатар балаларға арнайы дайындалған видио ролик арқылы кітап оқудың қажеттілігін насихаттады.
Іс-шара соңында мектеп басшысы Токейбекова Айгүл Төкенқызы мектеп кітапханасының тұрақты оқырмандарын марапаттап, сыйлықтар тапсырды.Оқушыларды кітап оқуға шақырды.
1. «Ең үздік оқырман» 3Всынып оқушысы Бекен Кәусар
2. «Білімді оқырман»- 4А сынып оқушысы Нышан Дарина
3. «Өнерлі оқырман»- 4А сынып оқушысы Марат Жанарке
4. «Белсенді оқырман»-3В сынып оқушысы Әлихан Қайсар 3А сынып оқушысы Шынарбек Қасабек
5 «Ізденімпаз оқырман» -3А сынып оқушысы Рымқұл Мейір
6 «Талапты оқырман»- 4Ә сынып оқушысы Анықбай Дәрия
7. « Кітапхана достары»- 3Б сынып оқушысы Таутанова Айша
3Ә сынып оқушысы Дюсембай Фатима 4Б сынып оқушысы Низамова 4Ә сынып оқушысы Нарымбек Арай 4Ә сынып оқушысы Ғалы Кәусар.
Возможно, это изображение (2 человека, люди стоят, экран и в помещении)
Возможно, это изображение (ребенок, стоит и в помещении)
Возможно, это изображение (один или несколько человек, люди стоят и в помещении)
Возможно, это изображение (3 человека, люди стоят и в помещении)
Author: School №8