«Отбасы – өмір айнасы» атты кітап көрмесі

Дата: 2019-10-01 12:32:51
 «Отбасы – өмір айнасы» атты кітап көрмесі

11 қыркүйек күні мектеп кітапханасында Отбасы күніне орай «Отбасы – өмір айнасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты: өскелең ұрпақты өз отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру, бауырмалдық, мейрімділік сезімін ояту, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор жасау, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

    Отбасылық құндылықтарды насихаттау – бұл біздің мемлекетіміздің ең басты міндеттерінің бірі.   Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Кітап көрмесінде баланың жан-жақты тәрбиелі болып өсуіне отбасының ықпалы мол екендігін ашып көрсетер әдебиеттер қамтылды. Сонымен бірге «Бала би», «Бала тәрбиесі», «Отбасым» журналдары көрме оқырмандарына ұсынылды.

   Көрмеге қатысқан оқушылар ұсынылған әдебиеттерге өз қызығушылықтарын таныта отырып, отбасының аса маңызды құндылық екені жайлы, өздеріне қажетті мағлұмат алды.

Автор: №7 МГ